• Русский
  • Қазақ

Жетісу облысы денсаулык сактау баскармасы" ММ-Н ШЖК

Кербулак аудандык орталык ауруханасы" МКК-Ы

ЦРБ Кербулак

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың қаржылық қызметіне қатысты Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен жүргізілген талдау бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» МКК
ұжым жиналысының хаттамасы

Сарыозек ауылы                                                                 14.05.2025 жыл
Жиналысты ШЖҚ «Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы» МКК комплаенс офицері Б.Наурызбек өткізді.

Қатысқандар: емхананың әкімшілік-бөлімінің есепшілері және кадр бөлімі

Күн тәртібі: «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың қаржылық қызметіне қатысты Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен жүргізілген талдау бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысты қарау».
Жетісу облысы бойынша тергеп-тексеру департаментімен аяқталған және өндірістегі қылмыстық істер бойынша Жетісу облысындағы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың қаржылық қызметіне қатысты талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде Жетісу облысының ауруханалары қызметкерлерімен мемлекет қаражатын аса ірі көлемде тұрақты және жүйелі түрде жымқыру, талан-таражға салуға бағытталған бірнеше қылмыстық құқық бұзұшылықтар анықталған.
Атап айтқанда, 18.06.2024 жылы Кербұлақ аудандық сотытың үкімімен «Кербұлақ ауданының орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нің есеп айырысу үстеліңің есепшісі Л.Андакулова ҚР ҚҚ-нің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп табылып, оған қатысты 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған.
Өз кезегінде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша аталған аурухананың есепшісі Л.Андакулова өзінің қызметін пайдалана отырып, 2020 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қыркүйек айлары аралығында жеке басына мүліктік пайда алу мақсатында ауруханаға мүлдем қатысы жоқ 12 адамға жүйелі түрде бірнеше рет жалпы сомасы 27 939 200 теңге заңсыз қаражаттар аударып, ол соманы өзі иеленіп, жеке бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда аталған қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс тергелуде. 
Сонымен қатар, Департаменттің өндірісінде СДБТ-не ҚР ҚҚ-нің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен «Талдықорған көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның аса ірі көлемде жымқырылу дерегіне қатысты №233300121000046 қылмыстық іс тергелуде.
Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 26.11.2024ж. №94 аудиторлық есебі бойынша 01.01.2023-31.03.2024жыл аралығында 38 664 776 теңге 3 қызметкерге аурухананың кассасынан қолма қол аванстық есепке \подотчет\ заңсыз берілген.
Тергеп-тексеру барысында, қолма-қол аванстық есепке алу құжаты \подотчет\ 3 қызметкермен алынбағандығы, яғни, жалған құжаттар жасау арқылы 38 664 776 теңгенің жымқырылғандығы анықталған.
Бұдан бөлек, 01.0.2017-31.12.2022 жыл аралығында 112 858 486 теңге аурухананың кассасынан 19 қызметкерге қолма қол аванстық есепке беріліп, соңғыларымен бұл сома алынбағандығы анықталды.
Қолма-қол алынған аванстық сомалар аурухананың есепшісі У.Поповамен «1-С бухгалтерия» бағдарламалық жүйесінде жалған мәліметтер еңгізіліп, қаражаттар жымқырылған.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жылдар бойы жүйелі және тұрақты түрде жасалуы Денсаулық сақтау басқармасының ведомствалық бақылау жасап, тапсырылған есептіліктерді дұрыс тексермеуі салдарынан орын алған.
Тиісті бақылау жасамау осы тектес қылмыстық құқық бұзушылықтардың тұрақты қайталанып, мемлекет қаражатынан жымқырылу, талан-таражға салуына жол берілген. 
Жоғарыдағылардың негізінде, медицинадағы жемқорлықты алдын ала болдырмау үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, барлық мемлекеттің органдары мен онда қызмет атқарушылардың жұмысын бақылауға, кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарын орындауды қамтамасыз етуге міндетті. 
Баяндама соңында қатысушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын сақтау туралы тиісті түсініктемелер берілді және заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне жағдай туғызатын бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс екені назарға жеткізілді.


Комплаенс-офицер: Б.Наурызбек