• Русский
  • Қазақ

Жетісу облысы денсаулык сактау баскармасы" ММ-Н ШЖК

Кербулак аудандык орталык ауруханасы" МКК-Ы

ЦРБ Кербулак

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу

Жоспарлы емдеуге

жатқызу үшін емделушінің жаднамасы

Емдеуге жатқызу бюросы порталы – бұл медициналық ұйымдарға да еліміздің әрбір тұрғындарына да қолжетімді, жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісін тиімді басқару үшін арналған ғаламтордағы веб-сайт. Жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісінің қатысушылары емхананың, стационардың мамандары және емделушілер.

Жоспарлы емдеуге жатқызу - бұл шұғыл дәрiгерлiк кiрiсуді талап етпейтiн, созылмалы аурулар бар болған жағдайда стационарға емдеуге емделушiнiң бағыты.

  1. Емделуші өзі тіркелген аймақтық емхананың дәрігеріне бару керек.
  2. Емханада зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемін өту керек.
  3. Көрсеткіштердің бар болуына қарай, бөлімшелік дәрігер бөлім меңгерушісімен бірлесе отырып,стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жөніндегі сұрақтарды шешеді.
  4. Емдеуге жатқызу бюросының маманы ЕЖБ порталына емделушінің мәліметтерін енгізеді және «Жоспарлы емдеуге жатқызу талонын» береді, онда код бар, сол код арқылы www.bg.eisz.kz  сайтында өзінің кезегін білуге, сондай-ақ стационардағы бос төсек-орындар туралы ақпапартты көруге болады.
  5. Порталда тіркелген сәттен бастап стационар 2 күн ішінде емдеуге жатқызудың нақты күнін анықтайды.
  6. Стационар емдеуге жатқызудың нақты күнін анықтағаннан кейін дәрігер емделушіге «Стационарға емдеуге жатқызу жолдамасын» береді.
  7. Емделуші жолдамада көрсетілген мерзімде емдеуге жатқызуға келуге міндетті. Емделушінің келмеген жағдайында емдеуге жатқызу сұранымы жойылады. Күтпеген жағдайлар пайда болғанда ( басқа шұғыл дамыған аурулары болса, жол жүріп кетсе және т.б. ) өзінің бөлімшелік дәрігерін ескертуі керек.

Шұғыл емдеуге жатқызу үшін емделушінің жаднамасы

Шұғыл емдеуге жатқызу – бұл жедел медициналық жәрдем көрсету үшін стационарға шұғыл түрде емдеуге жатқызу, денсаулығына қауіп төнетін жіті күйлерінде және аурулар кезінде, жазатайым оқиғалар, апаттар және тұрмыс-тық жарақаттар кезінде, босану, жүктілік және босану кезіндегі шұғыл жағдайларда жүргізіледі.

  1. Емделуші жедел жәрдем дәрiгерiн шақыру немесе бөлімшелік дәрiгердi үйге шақыру керек, бекітілген орны бойынша емханадағы дәрігерге бару немесе стационардағы қабылдау бөлмесіне тікелей бару керек;
  2. Дәрiгер шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштердің бар болуын анықтайды және стационарға тиiстi бейінге жолдама бередi;
  3. Шұғыл емдеуге жатқызуға жолдамамен тасымалдау жедел жәрдем автокөлігімен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлiкпен iске асады;

Емдеуге жатқызу бюросының сенім телефоны: 8 (728 40) 34 1 34

http://www.bg.eisz.kz